Дене тәрбиесі, АӘДТ, көркем еңбек және музыка онкүндігі аясында 24 сәуірде технология пәнінің мұғалімі Е.Е.Плахотная «Ең ақылды» сайысын өткізді. Қыздар «Көркем еңбек» пәні бойынша білімдерін жүйелендірді. Бұл іс-шара технологиялық мәдениетті арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді, байқауға, зейінге, есте сақтауға және ойлауға тәрбиелейді. Байқау соңында қыздар мадақтамалармен марапатталды.