«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Аққайың ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аққайың ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «N 1 Смирнов орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Смирново ауылы, Щербакова к-сі, 70, телефон нөмірі 8 715 32 21168, электронды мекенжай smirnovo1_06@mail.ru, педагог-психолог бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, 1 мөлшерлеме. Байқау 2023 жылдың 20 тамызында №1 Смирнов орта мектебінде өтеді. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
[12:43, 11.08.2023] Индира Урдабаева: 9) аттестациядан өту нәтижелері туралы анықтама немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санаты бар екендігі туралы анықтама (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы.
11) Үміткер бар болған жағдайда өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми/ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары,бұрынғы жұмыс орнынан басқарма басшылығының ұсынымдары ұсынылады.
12) Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.