Қыркүйектің 19-шы жұлдызында мектебімізде «Мен өз елімді жақсы көремін!» атты облыстық зияткерлік ойынының аудандық кезеңі өтті. Бұл ойынның мақсаты – өз елі үшін патриотизм мен мақтанышқа тәрбиелеу, бастауыш сынып оқушыларының назарын ел өміріне, тарихтың даңқты беттеріне аудару. Ойынға 3 және 4 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ойын барысында сұрақтарға жауап бере отырып, өз білімдерін сынап, білгендерін ортаға салды. Ойын оқушылардың қызығушылығын оятып, еліне деген сүйіспеншілігін одан әрі артыра түсті.
«Мен өз елімді жақсы көремін!»
