Қазақстан – жаһандық қайшылықтардың қиын кезеңдерінде рухани келісім идеясын нақты күшке айналдыра білген алғашқы елдердің бірі.
Осыған орай мектебімізде 9-11 сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға арналған іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының этносаралық, конфессияаралық және рухани келісімге қосқан үлесі туралы материалдан тұратын презентациямен танысты. Оқушыларға түрлі конфессия өкілдері сөз сөйлеген фильм және Әлемдік және дәстүрлі діндер съездерінен кадрлар көрсетілді. Шара соңында мектеп оқушылары мен мұғалімдерімен жедел сауалнама жүргізіліп, көптеген қатысушылар Қазақстанның халықаралық аренадағы конфессияаралық және ұлтаралық келісім мәселесі бойынша ұстанымы туралы өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстарды шешу саясаты аясындағы негізгі қағидаттары айтылды. Шара соңында жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері мен келешегі жайында қызықты пікір алмасу болды. Қатысушы оқушылар мен қонақтар өздерін толғандырған сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.
Шара еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық жолында толеранттылық пен рухани келісім идеяларын насихаттау мақсатында өткізілді.
Әртүрлі ұлт пен дін өкілдерінің арасындағы рухани келісім – мектеп оқушыларын жан-жақты тәрбиелеудің бір бөлігі ретінде мектеп шешуге тиісті басты міндеттердің бірі.