ЗЕРДЕ

Смирновская №1 орта мектебінде 2-7 сынып аралығында ЗЕРДЕ ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары байқауының мектептік кезеңі өтті. Байқауға қатысушылар түрлі бағыттар мен секциялардағы жұмыстарын ұсынды. Барлық жұмыстар қызықты және шығармашылықты болды. 7-сынып оқушылары Наконечная Анастасия мен Сейтова Милана өз презентацияларында көбелектер туралы әңгімелеп, қызықты бақылауларын көрсетті. 7-сынып оқушысы Олеся Лукьяненко Олеся «Иллюстрация әдебиетке деген қызығушылықты арттыру құралы ретінде.» тақырыбында жоба ұсынды, ал өз жобасының практикалық бөлімінде Олеся балалардың кітап оқуға деген қызығушылығының қалай артқаны туралы айтып берді.

Кустов Артём өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында Қазақстанның әр жылдардағы елтаңбаларын салыстырды. Бегалымов Дамир қазылар алқасына ақылды үй туралы айтып, өзінің макетін мысалға ала отырып, инновациялық технологияларды қолдануды көрсетіп, қазылар алқасын қызықтырды. Ал Копытина Лера математика әр адамның өмірінде қажет екенін және онсыз өмір сүре алмайтынымызды дәлелдеді. Ал, сайыстың ең жас қатысушысы 2-сынып оқушысы Абдуллаева Аружан арамызда жүрген батырлар туралы айтып берді. Барлық жұмыстарды мұғалімдер тобы тыңдады: Аленова К.Е., Кыдыкова Л.Т., Жулдоспаева Г.М. Мектеп кезеңіне қатысушылардың барлығына өз жобалары бойынша түсініктемелер берілді, зерттеудің теориялық бөлігінде де, практикалық бөлігінде де ұсыныстар берілді.

Қатысушылардың жоба жұмыстары аудандық кезеңге ұсынылды. Жас зерттеушілерге сәттілік тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері