27 қазанда Смирнов орта мектебінде тамаша мереке – Қамқоршылар күні өтті.
Әртүрлі себептермен жақын маңда ата-анасы жоқ бүлдіршіндерге аяулы болып кеткендерге алғыс айту мектебімізде игі дәстүрге айналған. Ал бүгін біз қамқоршыларымыз – Ахметжановтар отбасын, Сергиенколар отбасын, Колисниченколар отбасын және Закировтар отбасын құттықтаймыз. Олар олардың отбасы болды.
Сонымен қатар Аққайың ауданының қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі бас маманы Г.М.Тұяқоваға, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Д.Ж.Суендықовқа алғысымызды білдіреміз.
Қонақтарымызға арнап концерттік нөмірлер дайындалып, бала тәрбиесіне, оқуда, спортта, түрлі жарыстарда жеткен жетістіктері үшін алғыс сөздер айтылды. Мерекелік шараның соңы аудан әкімінің, аудандық білім бөлімі және мектептің Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын салтанатты түрде табыс етумен аяқталды.