Бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілер онкүндігін өткізу аясында 2023 жылдың 20 ақпанында мұғалім А.Ю.Чумаченко 2 сынып оқушылары арасында «Знатоки окружающего мира»тақырыбында викторина өткізді.
Балалар 2 командаға бөлінді: 2 «А» сыныбы – «Умники», 2 «Б» сыныбы- «Знатоки». Командалардың сәлемдесуінен кейін көңілді жаттығу болды. Викторина 5 турдан тұрды, онда жеңіс үшін қызу тартыс жүргізілді. Балаларға келесі тапсырмалар ұсынылды:
«Вопрос-ответ».
Игра «Четвёртый лишний»
Конкурс капитанов
Гонка за лидером”
«Кто Я? »
Балалар сұрақтарға жауап берді, карточкалармен жұмыс істеді, жұмбақтар шешті, сипаттама бойынша жануарлар мен құстарды анықтады. Әр тур үшін жеке де, командада да жұмыс істеп, балалар ұпай жинады.
Барлық турлардың қорытындысы бойынша қазылар алқасы қорытынды шығарды. Жеңімпаздар мен қатысушылар мадақтамалармен марапатталды.