Біздің мектеп үшін көктемнің бірінші күні «Рахмет» деп басталды. Өйткені, Қазақстанда жыл сайын 1 наурызда «Алғыс айту күні» атап өтіледі. Мереке көпұлтты ел халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісі болуға арналған. Бұл күні ел тұрғындары бір-біріне және қазақтарға төзімділік пен қонақжайлылық үшін алғыс айтады. Осы мерекеге орай Смирнов №1 орта мектебінде жалпы мектептік жиын өткізіліп, онда 5-сынып оқушылары өнер көрсетті. Балалар еліміз үшін көп нәрсе жасаған азаматтарға әлемнің әртүрлі тілінде өлеңдер оқып, алғыс білдірді, музыкалық көңіл-күй сыйлап, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушыларға алғыс сөздерімен жүрекшелер табыстады. Сондай-ақ, осы мереке қарсаңында көрме мен «Алғыс хат» акциясы ұйымдастырылды.