Смирнов №1 орта мектебінің КММ «Айналайын» шағын орталығында тәрбиеші Суендыкова Г.У «Балаларға үйге қандай ойыншықтар қажет» тақырыбында ата-аналармен әңгіме өткізді.
Мақсаты: Ата-аналарға ойыншықтың мәні, оның бала ойынындағы рөлі туралы білім беру, ойыншықтарды дұрыс педагогикалық таңдау туралы біліммен қаруландыру.
Кездесу барысында балаға ойын керек екенін, ойынның ойыншықтан бөлінбейтінін сөз еттік. Мұғалім ойыншықтар бар екенін айтты: сюжетті ойыншықтар, техникалық ойыншықтар, көңілді ойыншықтар, театрлық ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар т.б.