Смирнов №1 орта мектебінің КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында медбике Добычина А.А ата-аналармен «Еңбек тәрбиесі отбасында және балабақшада» тақырыбында әңгіме өткізді.
Мақсаты: ата-аналарды мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесіне баулу.
Тапсырмалар:
Ата-аналардың назарын еңбек тәрбиесінің бала өміріндегі маңызына аудару.
Ата-аналардың балаларды еңбекке тәрбиелеу мәселелері бойынша түсінігін кеңейтіп, педагогикалық шеберлігін байыту;
Ата-аналардың үйде баласымен бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылығын ояту.
Кездесу барысында ата-аналар «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы еңбек тәрбиесі» презентациясын тамашалады. Ата-аналар арасында сауалнама жүргізіліп, талдау жасалды. Әңгіме соңында ата-аналар тарапынан ұсыныстар берілді.