Кеше наурыз айының 9-шы жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті апталығының қарсаңында пән мұғалімі Альбекова Л.К. «Тіл – достық тірегі» атты ойын сабағын өткізді. Бұл ойынға 5 «а» және 5 «б» сынып оқушылары қатысты. Ойын барысында балалар белсенділік танытып, өз білімдерін сынады. Оқушылар тек қазақ тілінен ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінен де білімдерін көрсетті. Іс-шара ойдағыдай өтіп, көрермендердің көңілінен шықты.