«Кім болғым келеді?», «Мен өз болашағымды қалай көремін?» – деген сұрақтарды әр мектеп оқушысы қояды. Қазіргі әлемдегі жастардың кәсіби өзін-өзі анықтау мәселесі ерекше өзекті болып табылады. Көбінесе түлектер ең көп таралған мамандықтарды таңдайды. Қозыбаев университетінде өткен фасилитативтік сессияда біз, мұғалімдер, ата-аналар және жұмыс берушілер болашақ мамандықты саналы түрде таңдау мәселелерін талқыладық.