13 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Науразбаева А. У. 11- сынып оқушылары арасында «Мамандық түрлерінің маңызы» атты дөңгелек үстел өткізді.Бұл іс-шараның мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау. Оқушылар дөңгелек үстелде өздері таңдаған мамандықтары бойынша өз ойларын айтып әңгімелесті. Іс-шара барысында оқушыларға бейнефильм көрсетілді .Оқушыларға мынандай сұрақтар қойылды: Мамандық бір рет қана таңдала ма? Мамандық таңдаудағы кім және не ықпал етеді? Дұрыс мамандық таңдау өте маңызды, өйткені адамның болашақ өмірі. Әбунасыр әл-Фараби «Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады » деген.Олай болса, осы ұстанымды оқушылар есте сақтап бүгінгі кездесуде алға жақсы мақсат қойып, таңдаған мамандықтарының иесі болады деген оқушыларға сеніммен кездесу аяқталды.