Наурыздың 13-і күні «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы мен Наурыз мейрамы төңірегінде «Ұлыстың ұлы күні» атты суреттер байқауы өткізілді. Байқауға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Балалар өз суреттерінде Наурыз мейрамын қалай тойлайтынын, бұл мерекенің қандай маңызды екендігін жеткізбекші болды. Көбінесе оқушылар киіз үйді, кең даланы, ұлттық киімдегі қыздарды ерекше бейнелеген. Осылайша осындай сайыстар арқылы мектебіміз оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарытуда. Ал біздің жас суретшілерімізге тек шығармашылық жеңістерді тілейміз!