11 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мұғалімі Альбекова Л.К 6 «Ә» сыныбында «Қай спорт секциясына жазылдың?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта алға қойылған мақсатқа жету үшін заманауи әдістемелер мен оқыту әдістері қолданылды, бұл сабақ барысында оқушылардың оқу әрекетін жандандырды. Сабақтың әр кезеңі бағалау парақтарында өзін-өзі бағалау және өзара бағалау арқылы өтті.Сабақтың нәтижесі рефлексия өткізілді, мұнда балалар смайликтер арқылы сабаққа деген көңіл-күйлерін атап өтті.