05.03.2024 ж. «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» қазақ тілі мен әдебиеті апталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес №1 Смирнов орта мектебінде 5 сынып оқушылары арасында «Мен қазақша сөйлеймін» атты инделектуалды ойын сайысы өтті.
Мақсаты: «Қазақ тілі» сабағында қолданылатын сөздерді тілдік қатынаста пайдалануды үйрену, мемлекеттік тіл меңгеру дәрежесін алған білімдерін байқау. Жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауыз екі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру.
Бұл сайыс 5 кезеңнен тұрды. Соңғы кезең жанкүйерлер сайысы аса қызығушылықпен өтіп, оқушылар ойын арқылы сөздердің орысша аудармасын тауып жарысты.