Наурыз мейрамы аясында 15 наурыз «Қайырымдылық» күні болып жарияланып, осыған байланысты мектепте «Мейірімділік күні» атты бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Бастауыш сыныптар үшін ізгі тілектер айтылып, құшақтасып, үзіліс «Паровозик» биімен аяқталды. Мектеп жасына дейінгі балалар мейірімділік туралы «Одеялко» атты мультфильм көрді. Сондай-ақ акт залында «Тілек ағашы», «Игі істер күні», «Қайырымдылық» акциялары өткізіліп, орта және жоғары сынып оқушылары бүгінгі күні жасайтын игі тілектерін, игі істерін жазды. Ал күннің соңында көп балалы отбасы балаларына кеңсе тауарлары таратылды.