2024 жылдың наурыз айында «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени – ағарту жобасы аясында мектепте «Ұлттық өнер»атты шығармашылық жұмыстар көрмесі өткізілді.
Мақсаты: ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Оқушылар мен олардың ата-аналары «Ұлттық өнер» көрмесіне қатыстырылып, өздерінің шығармашылық әлеуетін ашуға, мәдениет пен өнер арқылы сұлулық әлеміне қосылуға, ел тарихына қатыстылығы мен маңызын арттыруға, отансүйгіштікке, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, мәдени мұраны сақтауға тырысты.