Наурыздың 14-і күні Наурыз мейрамына орай мектебімізде қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ырымдарын жандандырып қана қоймай, адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты, бейбітшілік пен достықты нығайту мақсатында «Көрісу күні» өтті. Бұл күні барлығы бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақсы тілектер айтып, көтеріңкі көңіл күйде болды. Сонымен қатар жасөспірімдер үлкендерді сыйлап, кішілерге ізгілік танытуды да ұмытпады.