26 наурызда «Смирнов №1 орта мектебі» КММ базасында облыстық «Ұстаз 2024″спартакиадасы аясында білім беру жүйесінің кәсіподақ ұйымдары арасында аудандық жарыстар өтті.Жарыс төрт түрі бойынша өткізілді. Аудандық жарыстардың қорытындысы бойынша біздің мектепте келесі нәтижелер бар:
Дартс — 1 орын
Волейбол — 3 орын
Үстел теннисі — 3 орын
Арқан тарту-3 орын.
Мектеп командасы 1 орынға ие болып, лайықты кубок пен 100000 теңгеге «Лидер» спорт дүкеніне сертификат алды.

