«Мың бала» жобасы жыл сайын ауылдан келген 6-сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтауға, олардың қатарластарымен сәтті бәсекеге түсіп, еліміздің үздік мектептерінде білім алуына мүмкіндік туғызуға арналған.
Олимпиаданың мақсаты – ауыл мектептеріндегі оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға және қолдауға жағдай жасау.
2024 жылдың 1 сәуірінде Смирнов №1 орта мектебінің 6 сынып оқушылары «Мың бала» олимпиадасының бірінші кезеңін көрсетті.
Олимпиаданың бірінші кезеңі: математика бойынша жұмыс, логикалық есептерді орындау.
Мың Бала Олимпиадасына қатысу нәтижелері бойынша:
Ең көп ұпай жинаған жеңімпаздарға Дарын, БИЛ қоса алғанда, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқыту ұсынылады.
Mың бала олимпиадасының барлық қатысушыларына әрі қарай оқыту және дағдыларды дамыту үшін Birge Oqý онлайн мектебіне тегін кіруге рұқсат беріледі.
Қатысушыларымызға жақсы ұпай жинап, олимпиаданың екінші кезеңіне өтуіне тілектеспіз.