«Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы 06.03.-17.03. аралығындағы қазақ тілі мен әдебиеті апталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Айналайын» шағын орталығында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мухамеджанов Жанат Еркінұлы «Ертегілердің сиқырлы әлемі» атты ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты ертегілер арқылы балалардың шығармашылық қиялдарын, сөздік қорларын молайтып, тіл байлықтарын дамыту. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды мазмұндауды үйретуді жалғастыру. Сыйластық, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу. Оқу қызметке деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылар Puzzle арқылы «Үйшік» ертегісін құрап, «Үйшік» ертегісінде қандай кейіпкерлер бар екенін айтып берді. Кейіпкерлердің қазақша қалай аталатынын танып білді. Берілген суретке қарап оқушылар «Шалқан» ертегісін естеріне түсіріп, шалқан ертегісін көрініс етіп қойды. Сиқырлы қораптан шыққан кейіпкерлер арқылы келесі ертегінің атауын тапты. Ол «Бауырсақ» ертегісі болатын. Үш ертегіде де кездесетін түлкінің мүсінін мұғалім берген парақта бояп, орысша атауы мен қазақша аудармасын қайталап айтты. Сабақты оқушылар шеңберге тұрып қортындылады.
Қол ұстасып тұрайық
Щеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы.
Сау – саламат болайық.