5 сәуірде құстарды қорғау айлығы аясында биология пәнінің мұғалімі Н.В.Шевчуктың ұйымдастыруымен Дүниежүзілік мейірімділік күніне арналған іс-шара өтті. Акцияның мақсаты – құстардың фаунасына деген қамқорлық көзқарасын қалыптастыру. Шараға 1-11 сыныптар қатысты. Оқушылар мұғалімдер мен сыныптастарына «Қанатты тілектер» жазылған карточкаларды табыс етті. Әр қанатты тілектің нышаны құстар болды. Барлығы 100-ден астам құттықтаулар берілді. Осы кездесулердің арқасында мектебіміз күлкіге бөленді! Дүниежүзілік мейірімділік күні құтты болсын!