Аққайың ауданындағы білім беру ұйымдарындағы Наурыз мейрамын өткізу және дайындық жоспары бойынша 16 наурыз күні «Жайлау күні» болып аталды. Осыған орай біздің мектебімізде Наурыз мейрамына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастыру барысында қазақ халқының болмысын ашу мақсаты көзделді. Көрмені құруға мектебіміздің әр мүшесі белсенді атсалысты. Оқушылар бұл мейрамға, қазақ халқының дәстүріне қатысты өз қолдарымен түрлі көрнекіліктер жасады. Бұл көрмеде қазақ халқының рухани құндылығын көрсететін ұлттық киімдер, бас киімдер, жауынгердің дулығасы, киіз үй, ыдыс аяқ, сандық және матадан, қағаздан, ермексаздан жасалған бұйымдар орын алды.