16 мамыр күні мектебімізде ата-аналарды қолдау орталығының «Тәліммен өрілген біздің дәстүр» «Отбасы берекесінің негізі» тақырыбында кезекті жиналысы өтті. Бұл сабақтың мақсаты: ата-ананың отбасының береке-бірлігін нығайту үшін озық дәстүрлерді дамытуға және қолдауға дайындығын дамыту.
Сабақ барысында ата-аналар «Сөйлемді аяқта», «Күн бірлестігі» сияқты түрлі жаттығулар орындады. «Әкелер», «Аналар», «Балалар» деп аталатын топтарда жұмыс жасадық. Бейнебаяндарды да көріп, талқыладық. Диалог әдеттегідей қызықты өтті, уақыт зымырап өте шықты.
Қорытындылай келе, осы кездесуді өткізген мұғалімдер Попова И.А. және Сабитова Н.Н., барлығына отбасында өзара сыйластық пен келісім болса, бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасылық дәстүрлеріңізді құрметтеу және сақтау арқылы септігін тигізетінін айтты.