Аққайың ауданының кәсіптік орталығы Смирново ауылындағы РДК ғимаратында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің басты мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілермен кездесу. Бұл жәрмеңкеге біздің түлектер қатысты. Оларға екі бағдарлама бойынша жұмыс ұсынылды: бірінші жұмыс орны және қоғамдық жұмыс. Біздің түлектер өз өтініштерін қуана тапсырды және жұмысқа шақыруды күтетін болады.