«Спорт өмір көркі» атты спорттық іс-шара өтті

«Алтын балалық шақ» онкүндігі аясында Смирнов №1 орта мектебінде «Спорт өмір көркі»атты спорттық іс-шара өтті.
Мектеп жанындағы алаңның тәрбиеленушілері үшін іс-шара қызықты әрі серпінді өткізілді. Ойындар мен жарыстар әр қатысушы жасына қарамастан өзінің күшін, ептілігін, жылдамдығы мен батылдығын көрсете алатындай етіп ойластырылды.
Бірінші тапсырма команданы ұсыну болды. Оқушылар екі командаға бөлінді. Командаларға дене шынықтыру, ойын-сауық конкурстары мен эстафеталар ұсынылды.
Балалар сергектік пен қуат алды.

Қосымша ақпарат көздері