Аққайың ауданындағы білім беру ұйымдарындағы Наурыз мейрамын өткізу және дайындық жоспары бойынша 19 наурыз күні «Зияткерлік күні» болып аталды. Осыған байланысты оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында мектебімізде викториналар, зияткерлік ойындар, мақал-мәтелдер жарысы, жұмбақтардың шешуін табу, сөзжұмбақ, ребустарды шешу бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары ғана емес, мектептің жас ұстаздары да өз үлесін қосты. Жас мамандар арасында «Тіл – асыл қазына» атты тіл білгірлері сайысы өткізілді. Бұл сайыс барысында ұстаздар мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, сыңарын тауып, тілдік қорларын біраз байытты.