2024 жылғы 19 маусымда Смирнов №1ОМ базасында Әкелер күнін мерекелеу аясында «Әке тәрбие – ғасырға азық» форумы өтті , оны Аққайың ауданының Аналар кеңесі төраға Кыдыкова Л.Т басшылығымен ұйымдастырылды.
Кездесуге ауданның түрлі ауылдық округтерінен әкелер шақырылды. Форумға қатысушылардың отбасында балаларды тәрбиелеудегі өз білімдері мен тәжірибелерімен бөліскені қуантады.Көпбалалы отбасының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, әкесі қарапайым жұмысшы немесе зейнеткер, сондай-ақ әкесі басшылық лауазымдарда болатын отбасы туралы бейнероликтер ұсынылды.Әр қатысушы алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Олардың атына музыкалық нөмірлер мен алғыс сөздер айтылды.
Форум барысында құқық бұзушылықтардың, нашақорлықтың және зиянды заттарды қолданудың алдын алу мәселелері талқыланды, сондай-ақ, әкелер салауатты өмір салтын насихаттап, балалар спорт секциялары мен үйірмелеріне қызығушылық арттыру керектігін айтты.
Мереке қонақтары-СҚО Ішкі саясат басшысы Базарбаев Б.К, «Қазақстанның әкелері» Республикалық Әкелер қауымдастығының СҚО төрағасы Максимов Е.П, СҚО ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Саттарова Ж.С, ҚХА қоғамдық-бұқаралық іс-шаралар бөлімінің басшысы Каршалова А.М, аналар кеңесінің аудандық төрағалары, ардагерлер кеңесі қатысушыларға және әкелердің өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін зор алғыстарын білдірді.