ОТБАСЫ КҮНІ#Біртұтас_тәрбие

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
Осы тамаша мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Бұл мерекенің Қазақстан үшін маңызы ерекше.
Отбасы және оның әл-ауқаты әрқашан әрбір қазақстандықтың өміріндегі басты нәрсе болып саналған.
Өйткені, мықты да бақытты отбасы – еліміздің игілігі мен гүлденуінің негізі.
«Отбасы» деген қысқа сөзбен айтқанда – адами қарым-қатынастың, құндылықтар мен дәстүрлердің беріктігі, қамқорлық пен жылулық сезімі, махаббат пен адалдықтың сарқылмас көзі, болашаққа деген сенім, адамның дүниетанымын қалыптастыру.
Дәл отбасында баға жетпес рухани-адамгершілік, мәдени мұралар ұқыптылықпен сақталып, көбейтіліп, мейірбан дәстүрлер қалыптасады.
13 қыркүйекте Смирнов №1 орта мектебінде Қазақстан отбасы күніне орай 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен сыныптан тыс іс-шара өткізілді, ұйымдастырушылар 5А сынып және сынып жетекшісі Урдабаева И.Д. Іс-шараның мақсаты: балаларда отбасы бір-бірін жақсы көретін және қамқор болатын адамдар ретіндегі түсінікті қалыптастыру.

Қосымша ақпарат көздері