Аққайың ауданындағы білім беру ұйымдарындағы Наурыз мейрамын өткізу және дайындық жоспары бойынша 21 наурыз күні «Ұлттық тағамдар күні» болып аталды. Осы күнге байланысты 9-сынып оқушылары «Ұлттық тағамдар» тақырыбында бейнепрезентация жасады. Оқушылар өз презентацияларында ұлттық тағамдар атап және олардың суреттерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар наурызкөженің дайындалу әдісін бейнеролик арқылы көрсетті. Бұл тағамның құрамына не кіретінін, не қосуға болатынын да ерекше атап өтті. Әрине, қазақтың ұлттық тағамы қазақша ет те тыс қалмады.