Аудандық «Жас ұрпақ – 2024 ж» спартакиадасы#Біртұтас_тәрбие

2024 жылдың 13 қыркүйегінде аудамыздың 15 мектебі спорттын 12 түріне қатысты.

Қол күресінен (армрестлинг) балаларымыз ерекше көзге түсті. Қыздар командасы 1 орын, ал ұлдар командасы 2-орынға ие болды. Мектепке грамота мен үлкен спорт кубогы табыс етілді.

«Қазақ күресі» ұлттық күресінен 11-сынып оқушысы Әділ Токушев 66 келі салмақта чемпион атанды. 76 келіден жоғары салмақта Асылхан Амангелдинов күміс жүлдегері атанды, 66 кг салмақта өзінің ерік-жігерін, спорттық мінезін көрсетіп, 11-сынып оқушысы Жанай Әбілмәжінов қола жүлдеге ие болды.

Жеңіл атлетикадан 8-сынып оқушысы Константин  Дидикин 400 метірге жүгіруден 3-орынға ие болды.

15 командадан құралған арқан тартыста команда капитаны Нұрсұлтан Қозубаев бастаған біздің «жауынгерлер» қола жүлдегерлері атанды.

Қосымша ақпарат көздері