Еңбек күні#Біртұтас_тәрбие

2013 жылдын қараша айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған, ерте жастан жұмысшы мамандығын құрметтеу және еңбектің маңыздылығын түсіну дәстүрлерін жаңғырту мақсатында, қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстан Республикасында Еңбек күні тойланады. «Смирнов №1 орта мектебі» КММ мұғалімі Индира Абайқызы Бариева және 2 «Б» сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара өткізді.Іс-шарада балалар жұмысшы мамандықтары және еңбек туралы тақпақтар айты. Кәсіптік бағдар беру бойынша мұғалім Д.А.Мұқашева «Еңбек адамға не береді?» шағын лекциясын оқыды.Іс- шара барысында балалар еңбекке байланысты жұмбақтар жасырды. «Мақал-мәтелді жалғастыр» ойыны өте қызықты болды. Барлық балалардың назарына әр адам еңбек ету керектігі айтылды. Қазіргі уақытта балалардың жұмысы ол оқу, мектеп заттарын тәртіпке келтіру,үйде және мектепте өз міндеттерін орындау.

Қосымша ақпарат көздері