«Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстангқа тігілген ту» бойынша бірыңғай сынып сағаты өтті#Біртұтас_тәрбие

Смирнов №1 орта мектебінде 1- 11 сыныптар аралығында «Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстангқа тігілген ту» бойынша бірыңғай сынып сағаты өтті.
Мақсаты – оқушыларға тарихи-мәдени, адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбие беру, олардың Отан қорғауға қабілетті өз елінің патриоты ретінде жеке қасиеттерін қалыптастыру. 2024 жылғы 3 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы «Қазақстанның көрнекті тарихи тұлғаларын ардақтау, халқымыз ұлттық бірегейлікті нығайту тұрғысынан пайдалы болады. Биыл белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл, атақты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл». Оқушыларға Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспановалардың ерліктері туралы айтылды. Олардың ерлігі мен сіңірген еңбегі әрқайсымыздың жадымызда сақталуы тиіс.Өйткені, патриотизм – халықтың рухани бірлігіне ықпал ететін мемлекетіміздің өміршеңдігінің басты шарты.

Қосымша ақпарат көздері