2024 жылдың 15 қазанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Ислямбекова М.Б және мектепке дейінгі тәрбиешілері Найда Д.Ю, Кенжебекова Г.К бірлесіп, мектепке дейінгі ұйымында «Бір тұстас тәрбие» бағдарламасы аясында бірлескен іс-шара өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі балаларды қазақ халқының бай мәдени мұрасының бір бөлігі болып табылатын мақал-мәтелдермен таныстыру.
Іс-шара барысында балаларға қазақ халқының ежелгі даналығы, халықтың өмірлік ұстанымдары мен құндылықтары мақал-мәтелдер арқылы түсіндірілді. Әрбір мақалдың мағынасы талқыланып, балалар оны өз өмірлерінде қолданудың мысалдарын келтірді. Бұл тәрбие жұмысында балалардың тіл байлығын дамытуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Мақал-мәтелдерді түсіндіру арқылы тәрбиенің үздіксіз, біртұтас екенін ұғынуға мүмкіндік берілді.
Бұл іс-шара «Бір тұстас тәрбие» бағдарламасының маңыздылығын көрсете отырып, балабақша мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға, ұлттық тәрбиенің мәнін тереңірек түсінуге үлес қосты.