21 қазанда «Күзгі бал» қарсаңында мектепалды даярлық сыныптарының балалары мен ата-аналарының отбасылық шығармашылық көрмесі басталды.
#Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер біздің балаларымыздың бойына дүниеге келгеннен бастап сіңеді.
Балалардың белгілі бір отбасы немесе мектеп мерекесін қабылдауында сырттан бақылау емес, оны дайындауға тікелей қатысуы маңызды рөл атқарады. Өйткені, маңызды шараға дайындалып, мерекелік көңіл-күй сыйлау да көңілге қонымды дәстүр.
Ал бірлескен отбасылық шығармашылық тағы бір жақсы дәстүр.
Бала анасымен немесе әкесімен бірге балабақшаға өз қолдарымен қолөнер жасағанда, мысалы әжеге сыйлық ретінде немесе үйді безендіру үшін немесе жай ғана көңіл-күй үшін.
Сонымен қатар, бұл балаға жаңа және қызықты нәрсені үйренуге және ең жақсы көретін адамдарымен көңіл көтеруге, уақытты өткізуге тамаша мүмкіндік.
Суреттерді акт залында безендіріп, ата-аналарды мектеп мерекесін дайындауға қалай тарту керектігі туралы көптеген сыныптарға үлгі болды.
Біз барлық ата-аналарға алғыс айтамыз, суреттер сұлулыққа және сіздің жан дүниеңіздің бір бөлігіне, балаларыңызға деген шексіз махаббатқа толы болды.
Көрмені ұйымдастырушылар: мектепке дейінгі сыныптын тәрбиешілері.