«Күзгі қиялдар»#Біртұтас_тәрбие

Күз! Керемет уақыт!  Бұл жылдың ең әдемі мезгілі. Мектептегі күзгі бал бұл түрлі-түсті және есте қаларлық оқиға- барлық балаларға шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, қызықты ұжымдық іс-шараларға қатысуға және достарымен демалуға тамаша мүмкіндік.

22 қазан күні мектебімізде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Күзгі қиялдар» атты күзгі бал өтті. Бағдарламада сайыстар, ойындар, жұмбақтар, күзге арналған әндер, билер болды. Бірлескен шығармашылық көрмесіне қатысқан отбасылар дипломдармен марапатталды.

Іс-шара көңілді және достық атмосферада өтті. Балалар көптеген жағымды эмоцияларды ғана емес, сонымен қатар тамаша көңіл-күй зарядын алды.

Тәрбиешілер: Д.Ю. Найда және Г.К Кенжебаева.

Қосымша ақпарат көздері