«Баршаға арналған білім: білім беру мүмкіндіктеріне кепілдік берілген қолжетімділік»#Біртұтас_тәрбие

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуға тең құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен қамтамасыз етіледі. Арнайы білім беру жалпы білім беру жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға білім алуда тең мүмкіндіктер беру үшін жағдай жасайды.

 Инклюзивті сыныптар «барлығы бірдей» және баланың ерекшеліктері ескерілмейтін орын емес екенін түсіну маңызды. Бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларға оқуға, қарым-қатынасқа және қоғамдық өмірге қатысуға көмектесетін сынып.

Қосымша ақпарат көздері