18 қараша күні аудандық мәдениет үйінде М. Қозыбаев атындағы университетінің өкілдері мен ауданымыздың түлектерінің кездесуі өтті. Кездесуге мектебімізден 10-11 сынып оқушылары қатысты. Факультеттердің көрмесі ұйымдастырылып, балалар университет мұғалімдерін тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мамандықтар туралы ақпарат бар кітапшаларды алып қайтты.
Сонымен қатар, мектебіміздің түлегі Сүлейменов Д. тарих және құқық факультеті атынан өз үгіт-насихатымен сахнаға шығуы қуантты. Кездесу университет студенттері ұйымдастырған шағын концертпен аяқталды.