Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында мектепте салтанатты жиын өтті#Біртұтас_тәрбие

Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында мектепте салтанатты жиын өтті.19 қараша күні мектебімізде Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін өткізілді, дайындаған И.Н.Ким.

Іс- шара балалардың құқықтары мен міндеттерін талқылау тақырыбында мұғалімдер мен оқушыларды біріктірді.

Әсіресе, 2 «А» сынып оқушыларының құқықтар мен міндеттер туралы тақпақтары әсерлі болды.Балалар балалық шақты бағалау және бала құқығын құрметтеу қаншалықты маңызды екенін еске түсіре отырып, өлең жолдардын мәнерлеп оқыды.Оқушылар балалық шақ туралы ән шырқап, көрермендердің күлкілері мен қошеметіне бөлінді. Іс-шараның ең қызықты бөліктерінің бірі «Тыйым салынған – рұқсат етілген» ойыны болды, онда мектеп оқушылары өздерінің құқықтары мен міндеттерін ажырата білуге, олардың арасындағы тепе-теңдікті сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінді. Іс-шараның танымдық мәні зор болды. Ол барлық қатысушыларға балалардың құқықтары бақытты балалық шақтың негізі екенін еске салды, бірақ оларды сақтау әр адамның жауапкершілігімен тығыз байланысты.

Қосымша ақпарат көздері