2024 жылы 20 қарашада Астана қаласында Қазақстанның БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялауының 30 жылдығына арналған балалар омбудсмендерімен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының бірінші Білім вице-министрі Жұмаділдаева Наталья Васильевна, БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы ХБТҚ өкілі Рашед Мұстафа Сарвар, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зәкиева Динара Болатқызы, ХКДБ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Руслановна Овечкина, балалар омбудсмендері, мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Бұл шараға облысымыздың балалар өкілі атынан Смирнов №1 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Абдуалиева Томиристің қатысқаны өте қуанышты. Кездесу барысында балалардың құқықтарын қорғау саласын дамыту және балаларға қолайлы орта құру, қорлаудың, кибербуллингтің алдын алу, қоршаған ортаны сақтау мәселелері талқыланды. Әр баланың дамуына барлық мүмкіндіктер болуы үшін әлемді қалай қауіпсіз және жақсырақ ету керектігі туралы балалардың көптеген идеялары мен көзқарастары айтылды. Қазіргі уақытта ақпараттық кеңістікте көптеген мәселелер туындайды. Бұл мәселені Томирис көтерді, ол кибербуллингтің жағымсыз рөлі және балалардың өмірін қалай қорғау керектігі туралы айтты. Ол балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламаларды ұсынды. Бұл ұсыныстар ХБТҚ өкілдерінің бақылауына алынды. Соңында омбудсмендер қатысушылардың дипломдарымен марапатталса, ілеспе мұғалімдерге Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің алғыс хаттары табыс етілді. Іс-шараның ұраны «Әлем балаларға деген сүйіспеншілікке негізделген!» ал бұл мемлекетіміз бен қоғамымыздың әрбір сөзімен және ісімен расталады.