Әр адам ең болмағанда бір жақсылық жасаса, дүние мейірімді болады!!
«Смирнов №1 орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығының тәрбиеленушілері «Күзгі мейірімділік апталығына» белсенді қатысты.
Мақсаты: балаларға қоршаған ортадағы адамдарға деген достық қарым-қатынасты, жақсылық жасауға ұмтылуын тәрбиелеу.
Қараша айының екінші аптасында тәрбиешілер: Б.Т.Алдабергенова мен Г.У.Суендыкова балалармен «Сыпайылық пен мейірімділік патшалығы», «Мейірімділік әлемді сақтайды», «Мейірімділік балалар көзімен» атты тақырыптық әңгімелер өткізді. Балалар бір-біріне үйде, аулада, шағын орталықта жасап жатқан игі істерін айтып берді. Кішкентай көмекшілер барлық кітаптар мен ойыншықтарды жөндеп, гүлдерді суарды және апта бойы тәрбиешілер балалардың назарын жақсы істерге көңілдерін аударды! «Айналайын» шағын орталығында өткен «Күзгі мейірімділік апталығы» шынымен де балалар мен педагогтердің арасындағы жылулық пен ынтымақтастық шарасына айналды!