26 қарашада Смирнов №1 орта мектебінің оқушылары үшін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» халықаралық акциясына арналған тақырыптық жиын өтті. Акция гендерлік зорлық-зомбылық туралы хабардарлықты арттыруға және оның алдын алу шараларын насихаттауға бағытталған. Акция жыл сайын 25 қарашадан бастап 10 желтоқсан аралығында өтеді. Биыл ол «Пекин декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығын атап өту: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігіңіз» деген тақырыппен өтуде. Шара барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Кыдыкова сөз сөйлеп, оқушыларға зорлық-зомбылық, зорлы туралы жалпы мағлұматтар айтып, акцияға қалай қосылуға болатынын, оның мәні неде, күтілетін нәтижелер туралы айтып берді. Осыдан кейін әлеуметтік педагог К.Қ Касенов, психолог Д.Ж Бейсенова, аға вожатая Д.А. Мукашева оқушыларға зорлық-зомбылықтың әр түрі, оның салдары мен жауапкершілігі туралы толығырақ айтып берді. Алдағы уақытта осы акция аясында бірқатар іс-шаралар жоспарлануда.
Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!