Мектепте бағалар. Бұл не? Мұғалімнің қолындағы құрал, оқушының мотивациясы ма әлде оқуға деген құлшынысын басу ма? Мектепте білімді бағалау мәселесі өте маңызды және байыпты көзқарасты қажет етеді.
Бағалау оқудың құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта мектепте бағалау іс жүзінде бағаға дейін төмендетілді. Яғни, процеске емес, нәтижеге. Көп балалар білім алу үшін емес, баға алу үшін оқиды. Бұл бағалауды түсіну үшін жас мұғалімдерге арналған жас мұғалімдер мектебі өткізілді. Педагог-зерттеуші Л.К Албекова «Қалыптастырушы және жиынтық бағалау» тақырыбын ашып, түсіндірді. Е.Е Плахотная, Д.Ю Найда, В.А.Кокорский, Л.Қ Калыкова, М.Б Ислямбекова , А.Н Краснопольская қатысты. Тәжірибелі ұстаз жас мамандарды бағалау түрлерімен таныстырды. Бағалау дегеніміз не, балаларды қалай дұрыс бағалау керек, дескрипторды қалай пайдалану керек, БЖБ және ТЖБ кезінде қандай ұпай алуға болатынын түсіндірді. Жас мұғалімдер сұрақтар қойып, пікір алмасып, өз сабақтарында жасанды интеллектті қолдануды айты. Мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісіне К.Е. Аленоваға осы тақырыпта жас мамандарға өз білімдерін ортаға салып, бөлісу мақсатында семинар өткізуді ұсынды.