27 қарашада Смирнов №3 орта мектебінде «Демеу» облыстық балалар мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерінің аудандық слеті өтті.
Бұл шараға мектебімізден «Адал ұрпақ» клубының мүшелері, 10-сынып оқушылары қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат мақсатында өнер көрсетті. Шара соңында балалар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, өнеріміз еленіп, баршаға үлгі болғаны қуантты.