9, 10, 11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі

4 желтоқсан күні «№1 Смирнов орта мектебі» КММ іргесінде 9, 10, 11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты республикадағы орта мектептеріндегі оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру, сонымен қатар оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру. Салтанатты шараны Аққайың ауданы әкімдігінің аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Алпысова Зауреш Балташқызы ашты.
Бұл олимпиадаға ауданымыздан 160 оқушы тіркелді. Олимпиада екі бағыт бойынша өтеді: бірінші күні жоғары сынып оқушыларының жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білімдері сыналады, екінші күні мектеп оқушылары гуманитарлық ғылымдар негіздері бойынша өздерінің эрудициясын көрсетуге мүмкіндік алады.

Қосымша ақпарат көздері