«Жас қаламгер» облыстық байқауы#Біртұтас_тәрбие

2024 жылдың 1 желтоқсанында облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жас қаламгер» облыстық жас тілшілер байқауы өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты: жас Солтүстік Қазақстандықтардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, оқушылардың өз елінің тарихына деген қызығушылығын дамыту және қолдау, интеллектуалды және шығармашылық тұлғаны қалыптастыру,тілшілер саласындағы жас таланттарды анықтау. Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің оқушылары, баспасөз орталықтары мен мектеп газеттерінің редакциялық алқаларының мүшелері қатысты. Біздің мектеп атынан Андрей Судьин, Томирис Абдуалиева және Ксения Кислая қатысты. Олар «Мектеп хабаршысы» мектеп газеті мен «Оқиғалар орнынан» бейнерепортажын ұсынды. Балалар баспасөз орталығының жұмысын лайықты таныстырды. Байқау нәтижесінде жас тілшілеріміз «Бейнерепортаж» және «Мектеп газеті» номинациясы бойынша ұсынылған материалы үшін 1-дәрежелі дипломдарға ие болып, жүлдегер атанды. Оқушыларды құттықтаймыз!Мектеп өміріңізде толағай табыстар тілейміз.

Қосымша ақпарат көздері