Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған бастауыш сыныптарға арналған салтанатты жиын#Біртұтас_тәрбие

2024 жылдың 13 желтоқсанында «Смирнов №1 орта мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған бастауыш сыныптар үшін салтанатты жиын өтті. Оқушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады 4 «А» сынып оқушылары өз Отаны туралы қазақ және орыс тілдерінде тақпақтар айтты. Мұғалім: И.Н. Сорокина Қазақстанның ұзақ жылдар бойы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келе жатқан көпұлтты мемлекет екенін, барлық халықтардың құқықтары тең екенін тағы бір мәрте еске алдық. Астана қарқынды дамып келе жатқан қазақ мемлекетінің астанасы ретінде танылды. Директордың тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары Л.Т.Қыдыкова оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған сайыстарға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар табыс етті. Патриоттық тәрбие беру мақсатында Отанымыздың жетістіктері туралы фильм тамашаладық. Жиын соныңда бастауыш сынып оқушылары «Атамекен» әнін орындады.

Қосымша ақпарат көздері