«Ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілігін арттыру»#Біртұтас_тәрбие

18 желтоқсан Смирнов №1 орта мектебінде «Ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілігін арттыру» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Ата- аналар жиналысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, суицидтің, аутодеструктивті және девианттық мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Аталған мәселелерді талқылауға Аққайың аудандық прокуратурасының прокуроры Е.Б.Қадиров, Аққайың ауданының ТЖБ азаматтық қорғаудың бас маманы аға лейтенанты С.К. Байгужин, аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Б. Каримова қатысты.Психологиялық қызмет пен сынып жетекшілеріне қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың білім алуына және дер кезінде көмек көрсетуіне қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету, ата-аналарға сабақтан тыс уақытта балаларға тұрақты бақылау орнату, педагогикалық ұжым мен ата-аналар жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

Қосымша ақпарат көздері