Жаңа жыл – сиқырлы, күлкі мен бақыт, жақсы ертегі және ғажайыпты күту уақыты. Бұл мерекеде әрбір адам сиқырға сене алады, ерекше, жұмбақ, қызықты және сөзсіз ұмытылмайтын нәрсенің атмосферасына енеді. Жаңа жыл қарсаңында «Айналайын» шағын орталығына мейірімді, әдемі, сиқырлы ертегі келді. Мерекелік ертегілік атмосфераны ұйымдастыруға мектепке дейінгі мекеменің барлық педагогтары қатысты. Мерекеде балалардың көңіл-күйі көтерілді: көптеген тосынсыйлар, жұмбақтар, саяхаттар, ертегі кейіпкерлерімен кездесулер, ойындар, сайыстар, әндер, билер. Барлық балаларға жаңа жылдық сыйлықтар мен тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады! Ата-аналар балаларының өнерлерін ықыласпен сүйемелдеп, жағымды эмоциялар мен жаңа жыл алдындағы қуанышты көңіл-күйге ие болды. Ал, тәрбиешілер үшін Жаңа жылға ең жақсы сыйлық – бүлдіршіндер мен ата-ананың ризашылығын білдіретін қуанышты көздерін көру. Аяз ата мен Ақшақардың назарынан тыс қалған ешкім жоқ, барлық балалар көптен күткен сыйлықтар мен тәттілерін алды.
«Айналайын» шағын орталығындағы жаңа жылдық ертегі
